Астанада «Жерұйық» алғашқы қазақ рок-операсының қойылымы өтедi

АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астанада 14-15 қыркүйек күндерi Бейбiтшiлiк және келiсiм сарайының сахнасында "Жерұйық" атты алғашқы қазақ рок-операсының қойылымы өтедi.

Астанада «Жерұйық» алғашқы қазақ рок-операсының қойылымы өтедi
"Рок жанрындағы бұл шығарма 1979 жылы "Дос-Мұқасан" ансамблiнiң жетекшiсi Мұрат Құсайыновтың ұсынысымен жазылған болатын. Қадыр Мырзалиев оның либреттосын, мен - музыкасын шығардым. 1980 жылы Алматының Республика сарайында оның премьерасы өттi, адам көп жиналды, бiрақ сол кезде ол қойылым емес, концертке арналған шығарма едi. Сегiз жыл бұрын бiз ұмыт қалған композицияны қайта жандандыруды шештiк. "Дос-Мұқасан" ремикс жасап, музыкасын әрледi. Сондай-ақ басқа әртiстердi тарттық. Ендi ол құрамы 40 адамдық балетi бар нағыз драммалық спектакль", - дедi рок-операның авторы, композитор Төлеген Мұхамеджанов бүгiн қойылымның дайындығы барысында. Т.Мұхамеджановтың сөзiне қарағанда, рок-опера Асанқайғының жерұйықты шарқ ұрып iздегенi туралы ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының бiрлiгiн жырлайды. "Премьераның Астанада өтуi тегiн емес. Менiң ойымша, Астана - қазақстандықтардың талай ғасырлар бойы iздеген, жанымен, бар тәнiмен көксеген жерұйығы", - дейдi композитор. Премьерада жанды музыканы ВИА "Дос-Мұқасан" тобы орындайды. Асанқайғының рөлiн Нұрлан Өнербаев сомдамақ. Актерлердiң қатарында Бауыржан Исаев, Бауыржан Нұрымбетов, Светлана Васина және өзге де жұлдыздар бар.