Астанада жетістікке жеткен іскер азаматтар жастармен кездеседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана жастары жетістікке жеткен кәсіпкерлер, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары бір алаңда кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфоға сілтеме жасап.
30 қазанда елордада «Астана жастар форумы - 2018» шарасы өтеді.
Форум - Астананың талантты жастар қауымдастығын қалыптастыратын инновациялық инфрақұрылымы бар автономды алаң. Жоба жастар ұйымының өкілдері, ЖОО мен колледж студенттері, шығармашылық интеллигенция, Астананың белсенді жастары секілді бірнеше аудиорияға бағытталады.
Қатысушылар үздік спикерлер, бизнес сарапшылары, танымал экономистер, спортшылармен, бизнес-тренерлерген сұрақ қойып, еркін пікірлесе алады. Жиында жетістікке жеткен адамдар өз өмірін үлгі ете отырып, мүмкін емес ештеңе жоқтығын, қорқыныш пен күдігін жеңіп шыққан сәттерін айтып береді.
Форум спикерлерінің қатарында Расул Абдуллаев бар, ол Yuframe вайн-командасының негізін қалаушы, Мәулен Бектұрғанов - Мвionics компаниясының қалаушысы, Андрей Судаков - 2GIS Астана жобасын жасаушы, Әлен Түлкібаев - Астана кәсіпкерлер палатасының директоры, Арманжан Рузахунов - бразилиялық джиу-джитсуден әлем чемпионы және басқалар бар.
Келушілер «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары Серік Есматов пен Алексей Лодочниковпен де кездесе алады.
Шара «Nomad city hall» концерт залында өтеді.