Астанада Жетісу өнімдерінің жәрмеңкесі басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Қазақстан» спорт кешені жанында Алматы облысының ауылшаруашылық өнімдері арзан бағамен сатылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпы көлемі 470 тоннадан асатын Жетісу өнімдері елордада екі күн бойы саудаланбақ.

«Алматы облысының өнімдерін Астана жұртшылығы біледі, асыға күтеді. Бүгін де 470 млн теңге болатын азық-түлікті қырықтан астам автокөлікпен жеткіздік. Бұл тауарлар нарықтағы бағадан 10-25% дейін, кей өнімдер тіпті 33% дейін арзан сатылып жатыр. Біздің аймақта өңдеу өнеркәсібі де жақсы дамыған. Бүгінгі базарда «Алматы боттлерс», «Алма био», «Сарыбұлақ», «Алатау құс» сынды танымал маркалар бар», - деді Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сексембай Бекішов журналистерге берген сұхбатында.
null  

Басқарма басшысының хабарлауынша, биыл жеткізілген өнім көлемі 110 тоннаға артық және өнім түрі 48-ге көбейді. Оның ішінде көкөніс 160,1 тонна, ет өнімдері - 21,8 тонна, сүт өнімдері - 13,7 тонна, жеміс-жидек - 35,9 тонна, картоп - 41,9 тонна, балық өнімдері - 11,7 тонна және өзге өнімдер 175 тоннаны құрап отыр.
null null 

«Алматы облысында қауын-қарбызға дейін жеміс-жидектің барлық түрі өседі. Бүгінгі жәрмеңкеге облыстағы 17 аудан, Талдықорған, Текелі, Қапшағай қалалары мен «Жетісу»  ӘКК шаруалары тұтас атсалысуда. Өңірімізден шыққан тауарлар апта сайын Алматы қаласында сатылады. Онда қарбызға арналған, қауын, жүзімге арналған жәрмеңкелер өтеді. Алдағы уақытта пияз жәрмеңкесін ұйымдастырамыз. Бұл бағаның тұрақтануына, халықтың қысқа қамдануына септігін тигізеді», - деп өз сөзін толықтырды С. Бекішов.

null 

Соңғы жаңалықтар
telegram