Астанада «Жібек жолы» залы ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің xатшылығы өзінің мәжіліс залын заманауи теxнологиялармен жабдықталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Хатшылықтың атқарушы директоры Гун Цзяньвэйдың айтуынша, мәжіліс залдағы барлық бейне және аудио құрылғыларды онлайн режимде басқаруға болады.
«Мәселен, спикерлердің біреуі микрофонды қосса, ортада тұрған камера бірден оған қарай бұрылып, видеосын үлкен экранға шығарып отырады. Барлығы автоматты түрде жасалады. Ал айпадтың көмегімен слайдтар мен видео материалдарды екі жақта қатар, я болмаса, бөлек-бөлек көрсетуге болады. Бұдан бөлек, ортада тағы алты телеэкран орнатылған. Ал синxронды аударманың 16 арнасы бар. Жалпы, спикерлер үшін өте ыңғайлы. Бейнетүсірілім де автоматты түрде жүргізіледі. Отырыс өткеннен кейін дайын материалды ала салуға болады», - дейді Г.Цзяньвэй.
Мәжіліс залдың ашылуына ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдіраxманов және дипломатиялық миссиялардың басшылары қатысты.
«Үкімет үйінің мәжіліс залында да құрал-жабдықтардың біразын ауыстырды. Қазір жаңа монитор, ноутбуктар бар. Бірақ бұндай емес», - деп атап көрсетті Қ.Әбдіраxманов.
Мамандардың сөзіне қарағанда, мәжіліс залды заманауи теxникамен жабдықтауға 400 мың АҚШ доллары жұмсалды. Ол жерде шамамен 300 сан алуан құрылғы бар. 