Астанада жобалау мен құрылысқа рұқсат беру процедуралары жеңілдетіледі
Алдағы уақытта қала құрылысы және сәулет басқармасыың қызметтері барынша қолжетімді болады. Осы мақсатта қызметтерді электронды форматқа көшіру жұмыстары қолға алынды. Сонымен қатар, «Электронды сәулет» базасы жасалады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Осылайша, «эскиздік жобаларды келісу», «сыртқы жарнама орнату», жобалау мен құрылысқа рұқсаттар, реконструкцияға шешімдер беру сияқты қызметтерді ұсыну барысында әкімшілік тосқауылдар қысқартылады. Жалпы, қала құрылысы, сәулет және құрылыс қызметінің субъектілеріне басқарманың 25 қызметін пайдалану үшін электронды канал ашылады.
Қызметтердің жаңа форматы кезең-кезеңмен енгізілмек. Бүгінде эскиздік жобаларды келісу бойынша электронды қызмет пилоттық режимде ұсынылып жатыр, қалған қызметтер жақын арада электронды форматқа көшірілмек.