Астанада жоғалған балалар табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 4 қазанда жоғалған он екі жасар қыз бен оның төрт жасар інісі табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілішісі.

Астанада жоғалған балалар табылды

«Олар табылды, жағдайы жақсы. Балалар туыстарының үйінде болған, әпкесіне өздері барған», - деді «ҚазАқпарат» тілшісіне балалардың анасы Әйгерім Бекетова.
null 

«Еуразия» сауда орталығының маңында тұратын Жамал мен Асылхан 4 қазан күні үйден шығып, қайтып келмеген соң ата-анасы жан-жақтан іздей бастаған болатын.