Астанада жоғалған студенттің денесі Есіл өзенінен табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 маусымда шамамен сағат 20.00-де Есіл өзенінен Еркебұлан Спандиярдың денесі табылды, деп хабарлады Астана қ. ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

Полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізді. Туыстары мәйіттің осыған дейін жоғалған Е. Спандиярдікі екенін растады.  Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Осыған дейін, ағымдағы жылы 8 маусымда Астана қ. «Сарыарқа» аудандық ІІБ-іне  Астана қаласының тұрғыны 7 маусымда шамамен сағат 07:30-да оның 18 жастағы ұлы Еркебұлан Спандияр үйінен университетке кетіп, оралмағанын айтып барған.

Аталған факт бойынша іздеу ісі ашылды. Іздеу шараларына Астана қ. ІІД бүкіл құрамы, ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының әскерилері, жұртшылық тартылды, Алматы қаласы мен барлық облыстық ішкі істер департаменттеріне, көліктегі ішкі істер бөлімдеріне   тиісті хабарлама жіберілді.  

Соңғы жаңалықтар