Астанада жоғалып кеткен жігіт үш күннен соң табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 3 күн бойы здестірілген 23 жастағы Рүстем Оспанов табылды. Бұл туралы әлеуметтік желі арқылы оның әпкесі хабарлады.
Р.Оспанов туысының сөзіне қарағанда, ол дін аман, денсаулығына еш қауіп төнбеген. Бірақ ол інісінің қалай жоғалғанын және қалай табылғанын жазбады.
Еске сала кетейік, Р.Оспановтың жоғалғаны жайлы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болған. «Р.Оспанов 5 желтоқсанда үйінен кетіп, осы уақытқа дейін келмеген. Соңғы рет оны досы көрген. Рүстем досын өзінің қара «Лада Приорасымен» (032 DTA аймақ 01 үйіне апарып), кейін белгісіз бағытта кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз», - деп жазылған суретінің астында.
Оны іздеуге полицейлер мен туыстары ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік желіні пайдаланушылар қосылды.