21:18, 27 Қыркүйек 2021 | GMT +5
Астанада жол апатынан 5 автокөлік зардап шекті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «BMW» маркалы автокөліктің 22 жастағы жүргізушісі тізгінді басқара алмай, тұрақта тұрған көліктерге соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«27 қыркүйек күні сағат 05:35 шамасында «BMW» маркалы автокөліктің 22 жастағы жүргізушісі Конституция көшесімен 18/1 үйге қарама-қарсы жүріп келе жатып, рульді басқара алмай қалған. Сөйтіп «Renault» маркалы тұраққа қойылған автокөлікке соқтығысып, одан әрі инерциямен «Hyundai», «Volkswagen» және «Toyota» автокөліктері механикалық зақым алды», - делінген ведомство хабарламасында.
Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ. Аталған факті бойынша «BMW» жүргізушісіне қатысты 610-бап 1-тармақ бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Полиция департаменті жүргізушілерден жолда өте мұқият болуды және жол ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.