Астанада жол апатында 4 адам зардап шекті
АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат - Бүгін, ақпанның 11-і күні таңертең Астана қаласында жол-көлік оқиғасы орын алды, 4 адам зардап шекті,
деп хабарлады Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Жол апаты 10 сағат 25 минутта Алматы ауданындағы Тәшенов және Т.Хусейн көшелерінің қиылысында «ГАЗ» және «Тойота» көліктерінің қатысуымен болды. Оның салдарынан екі көліктің жүргізуші мен «Тойотаның» тағы екі жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.