Астанада жол-көлік апаты орнынан ізін суытқан шетел көлігінің жүргізушісі іздестірілуде

АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Астана қаласының Жол полициясы басқармасы Республика даңғылы мен Сейфуллин көшесінің қиылысында жол-көлік апатын жасап, ізін суытқан шетел көлігі жүргізушісін іздестіруде.
None
None

ЖПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, «13 қаңтарда Республика даңғылы мен Сейфуллин көшесінің қиылысында шамамен 13.00 кезінде Toyota Lexus RX350 (мемлекеттік нөмірі белгісіз) автокөлігін басқарып келе жатқан белгісіз жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кетті».

Жол полициясы оқиға куәгерлері, немесе осы оқиғаға қатысты ақпаратқа ие азаматтардан қандай да бір мәлімет жайлы басқармаға хабарлауды сұрауда.

Соңғы жаңалықтар