Астанада жол-көлік оқиғаларынан көз жұмғандар саны 26 пайызға төмендеді ? апталық брифинг

АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Республика бойынша жолдағы тәртіпті қадағалайтын фото және бейнебақылау құрылғыларының жартысы Астана қаласында орналастырылған.

Астанада жол-көлік оқиғаларынан көз жұмғандар саны 26 пайызға төмендеді ? апталық брифинг
Осыған байланысты қаладағы жол-көлік оқиғаларынан мерт болғандар саны биыл 26 пайызға, ал дене жарақаттарын алғандар 9 пайызға кеміп отыр. Бұл мәліметтерді бүгін журналистермен болған баспасөз мәслихатында Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетінің төрағасы Қайрат Тыныбеков келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның деректеріне қарағанда, осындай оңды көрсеткіштер еліміздің өзге де бірқатар қалаларында байқалған. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда жол ережесін бұзу әрекеттері Өскемен қаласында 7 есеге, Қарағандыда 4 есеге кемісе, Алматы қаласында ол - 21, Семейде 38 пайызға азайған. «Жол қауіпсіздігін одан әрі нығайту мақсатында жол полициясы комитеті қызметкерлерінің қатысуымен мамыр айында «Автомобиль», «Абайлаңдар, балалар!» атты жедел-сауықтыру шаралары ұйымдастырылды», - деді комитет төрағасы.