Астанада Жол полицейіне пара ұсынған азамат шартты түрде 3 жылға сотталды
АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Елордада әкімшілік жауапкершіліктен жалтару мақсатында Жол полицейіне пара ұсынған азамат шартты түрде 3 жылға сотталды.
Бұл туралы бүгін Астана қаласының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде өткен брифингте құқық қорғау органының баспасөз хатшысы Толқын Нәбиева мәлім етті.
Т. Нәбиеваның айтуынша, М. Жанаберген есімді азамат жедел іздестіру шаралары кезінде Астана қаласының Қаржы полициясы инспекторларымен қылмыс үстінде ұсталды.