Астанада жол полицейлері есірткіге еліткен жүргізушіні ұстады
АСТАНА. 1 сәуір. ҚазАқпарат - Астанада жол полицейлері есірткіге елітіп алған жүргізушіні ұстады. Бұл туралы Жол полициясы басқармасынан хабарлады.
Өткен бейсенбі күні 18 сағат 15 минутта «Торғай» бақылау бекетінде ЖПБ инспекторы Астанадан Атбасарға бет алған Toyota Vista көлігін тоқтатты. Күмән тудырған 27 жастағы жүргізушіге жүргізілген сараптама нәтижесі оның есірткіге елітіп алғанын көрсетті. Онымен бірге, Toyota Vista машинасында отырған 1984 жылы туған Т. есімді азаматты тексеру барысында ерекше иісі бар сұрғылт-жасыл түсті зат табылды. Кейін анықталғандай, ол марихуана болып шықты.
Қазіргі уақытта іс Сарыарқа ауданы бойынша Ішкі істер басқармасына жіберілді.