Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты 5 автобустың бағыты өзгерді

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты 5 автобустың бағыты уақытша өзгеретін болды. 

маршрут дороги
Фото: Виктор Фкдюнин/МИА "Казинформ"

«City Transportation Systems» ЖШС хабарлағандай, жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 1, 3, 20, 23, 25 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.

Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.

«Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», — деп ескертті ведомстводан.