Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты автокөліктер қозғалысы шектеледі - Астана қаласы ІІД Жол полиция басқармасы

АСТАНА. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат - Бүгін және ертең елордада жол жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір көшелердегі автокөлік қозғалыстары шектелетін болады. Бұл туралы Астана қаласы жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты автокөліктер қозғалысы шектеледі - Астана қаласы ІІД Жол полиция басқармасы

«Асфальт төсеу жұмыстарына байланысты жұма, мамырдың 21-і күні сағат 22.00-ден таңғы сағат 7-ге дейін Сарыарқа даңғылы - Кенсары көшесі қиылысында, Сарыарқа даңғылы -Абай даңғылы қиылысында, сондай-ақ Сарыарқа даңғылы мен Абай даңғылынан бастап Кенесары көшесіне дейінгі аумақтарда ішінара көлік қозғалысы тоқтатылады» , - делінеді таратылған хабарламада.

Сонымен қатар, мамырдың 22-і күні сағат 13.00-ден келесі күнгі таңғы сағат 07.00-ге дейін Сейфуллин көшесі-Сарыарқа даңғылындағы жол толығымен жабылады.

Осы демалыс күндері сол жағалауға қарай бет алған жүргізушілерге Сарыарқа даңғылын айналып өтуге кеңес беріледі.

«Айналып өтуге мына маршурт ұсынылады: Республика даңғылы-Тәшенов көшесі-Орынбор көшесі немесе Уәлиханов көшесі -Тәуелсіздік даңғылы - Бауыржан Момышұлы көшесі - М 1 көпірі», - деп хабарлады жол полициясынан.