Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар көшелер жабылды

ТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар көшелер жабылды.

Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар көшелер жабылды

Бұл туралы қалалық ІІД Жол полициясы басқармасынан хабарлады.

Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне орай келесі көшелерде көлік қозғалысына шектеулер қойылды: Жұбанов көшесінен бастап Республика даңғылына дейінгі - Иманов көшесінде; Ақмола көшесінен бастап Кенесары көшесіне дейінгі - Уәлиханов көшесінде; Ә.Молдағұлова көшесінен бастап Кенесары көшесіне дейінгі - Жеңіс даңғылында; Абай көшесінің Жеңіс даңғылымен қиылысатын учаскесінде; Потанин көшесінен бастап Бейбітшілік көшесіне дейінгі - Московский көшесінде; Затаевич көшесінің Потанин көшесімен қиылысатын учаскесінде; Байтұрсынов көшесінен бастап «Хива» мейрамханасына дейінгі - Қарасай батыр көшесінде; 25-ші көшеден бастап 30-шы көшеге дейінгі - Орынбор көшесінде.

Сондай-ақ бірқатар көшелер жартылай жабылды. Атап айтқанда, №2-ші жол өтпесінен Литейный көшесіне дейінгі Ақжол көшесімен; Жеңіс даңғылынан Бейбітшілік көшесіне дейінгі Есенберлин көшесімен; Қазақ Мемлекеттік заң университетінің аумағындағы Қорғалжын тас жолымен; Московский көшесінен бастап Молдағұлова көшесіне дейінгі Бекетай көшесімен; Дүкенұлы көшесінен бастап Бөгенбай батыр көшесіне дейінгі Айманов көшесімен; Бөгенбай батыр даңғылынан бастап Жангелдин көшесіне дейінгі Айманов көшесімен; Сейфуллин көшесінен бастап №4-ші мектеп-гимназияға дейінгі Айманов көшесімен; Ақан Сері көшесінен Медеу көшесіне дейінгі Талапкер көшесімен және Оқжетпес көшесінен бастап Қарбышев көшесінің тұйықталатын учаскесіне дейінгі Бөкеев көшесінің бойымен жол қозғалысына тыйымдар салынды.