Астанада жол-жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар көшелерде жол қозғалысы шектелді
ТАНА. 17 тамыз. ҚазАқпарат - Астанада жол-жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар көшелерде жол қозғалысы шектелді.
Мәселен, жауындарға қарсы кәріз желілерінің ауыстырылуына байланысты 17 тамыздан бастап Темирязев көшесінен Бейбітшілік көшесіне дейінгі Есенберлин көшесінде көлік қозғалысына жартылай шектеу қойылды.
Ал 18 тамыздан бастап асфальтты бетонның төселуіне байланысты Мұңайтпасов көшесінен Күйші Дина көшесіне дейінгі Мирзоян көшесінің бойы толығымен жабылады.
Астана қаласы бойынша Ішкі істер департаментінің Жол полициясы басқармасы жүргізушілерге жүру бағдарын алдын ала жоспарлап, жол бойындағы белгілердің талаптарын қатаң сақтау қажеттігін айтуда.