Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы шектеледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жол жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге байланысты 24 сәуірден 15 мамырға дейін Абылай хан даңғылының Мұстафин көшесінен Мүсірепов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы жартылай шектелетін болады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы шектеледі

Сонымен қатар, 23-25 сәуірде Арай көшесінің Ғарышкерлер көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы тоқтатылады.

23-25 сәуір аралығында Ғарышкерлер көшесінің Арай көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі бөлігіндегі жол жабылады.