Астанада жол жөндеу жұмыстарына орай көлік қозғалысы шектелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, жөндеу жұмыстарына байланысты қазіргі уақытта І.Жансүгіров көшесінде Абылай хан даңғылынан Махтұмқұлы көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы тоқтатылды.

Астанада жол жөндеу жұмыстарына орай көлік қозғалысы шектелді

Үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейін көлік қозғалысын қалпына келтіру жоспарланып отыр. Сондай-ақ жөндеу жұмыстары кезінде қоғамдық көлік бағыты өзгеріске ұшырайтын болады. №25 автобус бағдарының қозғалысы Манас көшесіне ауыстырылады. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң, яғни 1 шілдеден қоғамдық көлік бұрынғы бағдары бойынша жүретін болады, деп хабарлайды astana.kz. Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы аталған көшелерде жол жөндеу жұмыстары ақталғанша жүргізушілерді қозғалыс бағытын алдын-ала жоспарлауға шақырады.