Астанада жол жөндеу жұмысына байланысты 10 автобустың маршруты өзгерді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында бірден 10 автобус жүру бағытын өзгертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.
Мекеме ұсынған мәліметке сенсек, Сарайшық көшесі мен Мәңгілік ел даңғылының қиылысындағы көлік айрығының оң жаққа қарай шығу жолында жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Осыған байланысты, №№ 15, 15А, 19, 29, 29А, 30, 40, 47, 51, 56 бағдарларының Бауыржан Момышұлы бағытындағы қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.
«Бағдарлардың өзгерген қозғалыс сызбасымен мына сілтемеден қарап таныса аласыздар. Өз маршрутыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз» деп мәлім етті компаниядан.