Астанада жол жөндеуге байланысты кей автобустардың бағыты өзгереді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 қазан сағат 10:00-ден 1 қараша сағат 10:00-ге дейін Қордай көшесі бойында жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты автобустар қозғалысы шектелді, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.
№ 24, 31 бағдарлар бастапқы аялдамаларынан Айнакөл-Қордай көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, одан əрі Айнакөл көшесімен тіке, Бесшалқар көшесіне оңға, Сарын көшесіне оңға, Қордай көшесіне солға бұрылып əрі қарай бұрынғы қозғалыс сызбасымен қатынайды. Кері бағытта аталған сызбамен бірдей қозғалады.