17:37, 02 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Астанада жолаушы қоғамдық көліктегі жанжалды видеоға түсіріп алды
АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - Астанадағы қоғамдық көлікте болған жанжалды куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратты.

Роликте орнынан жүрмей тұрып алған автобустың жүргізушісі мен кондуктордан жолаушылардың жол ақысын қайтаруды талап еткені көрініп тұр. Ал жүргізуші мен кондуктор асығып жатқан жолаушыларға автобус салонында ілулі тұрған графикті нұсқап, «уақыт болғанда ғана» орнынан қозғалатынын айтқан. Бірақ олардың сөзіне қанағаттанбаған жолаушылардың бірі оқиғаны видеоға түсіре бастаған.
Жүргізуші одан видеоға түсіруді тоқтатуын талап еткен, ал автобус нөмірін түсіру үшін шыққанда көлік кенет қозғалып, оны соғып өткен.
«Автобус жүргізушісі жолаушыны қағып өтті», - дейді кадр артындағы сөз иесі.
Оқиға елордағы ІІМ ғимаратына қарама-қарсы аялдамада болған.