Астанада жолаушылар шағын автобусы өртенді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 23 шілдеде таңғы сағат 09.28 кезінде Астана қалалық ТЖД Өрт сөндіру қызметінің «101» пультіне Пушкин көшесі, 9 мекенжайы бойынша шағын автобустың өртке оранғаны жайлы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды елордалық ТЖД-інің баспасөз қызметінен.
None
None

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде №109 автобус өртеніп жатты. Жолаушылар өрт сөндірушілер келгенше автобустан шығып үлгерген», делінген хабарламада. Алғашқы өрт бөлімшесі оқиға орнына 4 минуттан кейін келді. Қазір олар сол жерде жұмыстар жүргізуде. Жалынды ауыздықтауға 2 техника, жеке құрамнан 9 адам жұмылдырылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.

Соңғы жаңалықтар