Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар көшелер жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар көшелер жабылады. Бұл туралы astana.kz сайтына Энергетика басқармасынан хабарлады.

Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар көшелер жабылады

Алдағы уақытта қалалық жылу желілерін қалпына келтіру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары қолға алынбақ. Ведомствоның мәліметінше, биыл маусым айында жөндеу жұмыстарына байланысты елорданың кейбір жолдарында көлік қозғалысы тоқтатылады. Атап айтқанда, 13-15 маусымда Кенесары көшесінің Республика даңғылынан Ғабдуллин көшесіне дейінгі бөлігі, 20-22 маусымда Сейфуллин көшесінің Қошқарбаев көшесінен Ғабдуллин көшесіне дейінгі аралығы жабылды. Қазіргі уақытта елордада жол жұмыстары бірнеше бағытта жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, проблемалық учаскелерде жүктемені азайту, шағын айналма жол салу, жаңа жолдар салу және ескі көшелерді қалпына келтіру, тұрғын алаптарында жол инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ көшелерді орташа жөндеу жұмыстары қамтылған. Үстіміздегі жылы 76,5 шақырым жол жөнделіп, қалпына келтірілмек, соның ішінде 19,16 шақырымы қосылған тұрғын алаптарында орналасқан.