Астанада ЖОО-лардың бірінде оқып жүрген студент қызды өлтірген күдікті ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың ЖОО-ның бірінде оқыған Оңтүстік Қазақстан облысының 21 жастағы тұрғынының өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Ауыр қылмысты жасауда айыпталған Шығыс Қазақстан облысының 23 жастағы тұрғыны құрықталды.

Қажетті сараптамалар тағайындалған. Тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр.

Анық болғандай, күдікті қайтыс болған азаматшамен бірге бір пәтерде тұрған. Туындаған жанжал барысында ол бойжеткенге пышақпен жарақат келтірген.

Соңғы жаңалықтар