Астанада ЖРВИ-ге қарсы 18 мыңнан астам адам егілді
АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Елордада эпидемиологиялық маусым кезеңінде ЖРВИ-ге қарсы 18 139 адам егілді. Бұл туралы astana.kz сайтына Денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады.
«2013-2014 жж. маусымға 18 139 мөлшерде вакцина сатып алынды, 18 139 адам (100%) егілді. Жұмыс берушілердің есебінен ақылы негізде 48 485 адам, қаланың ақылы кабинеттерінде 8 520 адам егілді», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Астанада тіркелген ЖРВИ-ге шалдыққандардың 15 484 тіркелген, соның ішінде 20 адам тұмаумен ауырған. 1000 адамға шаққандағы аурудың көрсеткіштері 1915,3 құрады.
Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ жұқтырған 463 науқас (тіркелген ЖРВИ жағдайларының 10%) жатқызылды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің хабарлауынша, Қазақстанда тұмауды, тұмау тектес ауруларды (ЖРВИ) эпидемиялық қадағалаудың, олардың қоздырғыштарының айналуын және вирустың эпидемиологиялық қауіпті штаммдарын уақытылы анықтайтын аса тиімді жүйесі енгізілген. Аса қауіпті инфекциялардың, соның ішінде құс тұмауының республика аумағына әкелінуін және одан әрі таралуын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өткізу бекеттерінде тәулік бойы 36 санитарлық-карантиндік пункт жұмыс істейді.