Астанада ЖРВИ өршіп тұр
Елордалықтар арасында соңғы екі апта жіті респираторлық вирустық инфекциясы (ЖРВИ) жиі таралып жатыр, деп хабарлайды Kazinform.
«Жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) – ауа тамшылы жолмен таралатын, дене температурасының жоғарылауымен, интоксикация белгілерімен және тыныс алу жолдарының әр түрлі бөлімдерінің зақымдалуымен жүретін және түрлі вирустармен шақырылатын ауру түрі», - деді Астана медицина университеті балалар жұқпалы аурулары кафедрасының доценті Баян Тұрдалина Астана қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Брифингіде берілген мәліметке сәйкес, елордада вирустық инфекциялар мен тұмаудың эпидемиялық маусымы қыркүйектің аяғында басталған.
Маусымның бірінші аптасында елорда тұрғындары арасында 12 876 ЖРВИ жағдайы тіркелді. Былтыр 7 146 жағдай тіркелген, демек биыл 44%-ға артқан.
«Барлық топтағы адамдарда ЖРВИ-ға тән ортақ белгілер бар. Ауру қоздырғыштары ағзаға ауа-тамшы жолдары және тыныс алу арқылы енеді. ЖРВИ кезінде алдымен тыныс алу ағзалары зардап шегеді. ЖРВИ жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде ауа арқылы науқас адаммен байланыс жасаған кезде жұғады», - деді Баян Тұрдалина.