Астанада ЖРВИ жұқтырғандар арасында жүкті әйелдер көп
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада жіті респираторлық вирустық инфекция және тұмаумен сырқаттанушылар қатары артып барады. Бұл туралы елорда әкімдігінде өткен онлайн брифингіде Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Берік Кәйкенов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазір маусымдық жедел респираторлық аурулар жиі кездесетін кезең. Көптеген адамдар тұмауды ауыр аурулардың қатарына жатқызбайды. Алайда, тұмау балалар, қарттар, сондай-ақ жүрек пен өкпенің созылмалы детіне шылдыққандар үшін қауіпті. Тұмау ауыр дерттердің дамуына және өлімге әкелуі мүмкін екенін ұмытпауымыз керек», - деді Берік Кәйкенов.
Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта елордада ЖРВИ жұқтырғандар саны артып бара жатқанына тоқталды. Соңғы уақыттарда осындай белгілермен ауруханаға жатқызылған жүкті әйелдер мен балалар қатары көбейген. Берік Кәйкенов келтірген дерекке сәйкес, қыркүйек айының соңында күн сайын стационарларға ЖРВИ жұқтырған 3-4 жүкті әйел түссе, қазір күніне 14-16 әйел жатқызылып жатыр.
Ал, Астана қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың мәлімдеуінше, 2 апта ішінде 7 146 елордалық жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырған.
Фото: sites.wp.odu.edu