Астанада жүкті келіншек зардап шеккен жол апатына кінәлі жүргізуші жұмысынан қуылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жүкті келіншек зардап шеккен жол-көлік оқиғасына әкеп соқтырған 48-бағдар автобусының жүргізшісі жұмысынан қуылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанада жүкті келіншек зардап шеккен жол апатына кінәлі жүргізуші жұмысынан қуылды

Бұл туралы «Астана LRT» баспасөз хатшысы Науат Азанбаева хабарлады.

Еске сала кетейік, кеше Астанада екі автобус соқтығысып, салдарынан №48 автобуста келе жатқан 24 жастағы жүкті келіншек зардап шеккен болатын. Оның жүктілік мерзімі - 23-24 апта болатын. Оған күйзеліске қатты әсер ету диагнозы қойылды. Осы орайда жолаушы №3 перинаталдық орталыққа жеткізіліп, тексеру шаралары жүргізілуде. Астана полицейлері №48 автобус жүргізушісіне қатысты хаттама толтырды.