Астанада «Жұлдызай» фестивалінің жеңімпаздары анықталды

АСТАНА. 2 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында VIII Республикалық «Жұлдызай - 2013» атты мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылық фестивалінің гала- концерті өтті. Салтанатты шара барысында биылғы фестивальдің жеңімпаздары марапатталды.
None
None

Әділ қазылар алқасының шешіміне сәйкес, «Шахмат» аталымында Ерлан Нұрхаев (Орал) үздік атанса, «Көркем суретте» - Арман Дүйсенбин (Талдықорған, ересектер тобы), Юлия Соколова (Петропавл, орта топ) және Ксения Соловьева (Павлодар, кіші топ), «Көркемсөз шебері» - Екатерина Семенистая (ересектер тобы) және Арман Дүйсенғұлов (кіші топ), «Аспапта орындауда» - Владислав Рудаков (Алматы), «Вокалда» - Кенжебек Нұрдолда, Гүлнәз Елеусізова, Эльвира Исламғалиева және Әділ Оралбаев (Қарағанды қаласының ән тобы) және Влад Сойко (Астана, кіші топ), «Ыммен ән салу» аталымында - Нұржан Бағытов (Атырау), «Би өнерінде» «Пульс» (Петропавл) және «Рауан» (Қостанай) топтары жеңімпаз атанды. Ал VIII Республикалық «Жұлдызай - 2013» фестивалінің бас жүлдесін Оңтүстік Қазақстан облысының кішкентай әншілері - Назима Исаханова және Рысдәулет Орынбек иеленді.

Айта кетейік, биылғы фестиваль аясында Астананың жаңа орталығында ыммен ән айту бойынша үлкен флеш-моб ұйымдастырылды. Оған 700-ден бала қатысты. Ондай шара Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша алғаш рет өтіп отыр.

Соңғы жаңалықтар