Астанада «Жұлдызды шашу» педагогикалық фестивалі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 тамызда Астанадағы Махамбет Өтемісов атындағы мектеп оқушылары сарайында ұстаздардың тамыз мәслихаты ауқымында ІХ жылсайынғы «Жұлдызды шашу» елордалық педагогикалық фестивалі өтеді, деп хабарлады «Бәйтерек» халықаралық медиа-орталығы.

Астанада «Жұлдызды шашу» педагогикалық фестивалі өтеді

Фестиваль барысында Астана қаласы білім ұйымдарының үздік педагогтарына ҚР Білім және ғылым министрлігінің, қалалық білім басқармасының алғысхаттары мен Құрмет грамоталары тапсырылады, сондай-ақ 2013-2014 оқу жылындағы спартакиада мен «Дидарлы жаз» спорт алаңдарының қорытындылары шығарылады.

Мерекеде елорданың білім беру ұйымдарының үздік педагогтері марапатталып, олардың есімдері салтанатты жағдайда «Астана қаласы білім жүйесінің алтын қорына» енгіәзіледі.