Астанада жұмыс жасайтын жастар үшін жалдамалы баспана салу жалғасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда жұмыс жасайтын жастар үшін жалдамалы тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Бүгін қала әкімі Алтай Көлгінов бірқатар әлеуметтік тұрғын үй құрылысының барысымен танысты.

«Былтыр Елбасының тапсырмасына сәйкес жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Биыл бұл жұмыстарды жалғастырамыз. Оған қатысу үшін құжаттарды жинаудың басталғаны туралы қосымша хабарлаймыз. Бүгін таңертеңгілік аралау кезінде бірқатар қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй құрылысының барысымен, оның ішінде келесі жылдарға арналған құрылыс барысымен таныстым.

Әлеуметтік тұрғын үйді кезекте тұрғандар (халықтың әлеуметтік әлсіз топтары), тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары ала алады. «Қазақстандық ипотекалық компаниямен» бірлесе іске асырып жатқан әлеуметтік пәтер алушылар санатын көбейттік. Қолжетімді баспанаға дәрігерлер, мұғалімдерден басқа әлеуметтік қызметкерлер, полицейлер, мәдениет қайраткерлері мен спортшылар үміткер бола алады.

Биыл Президенттің тапсырмасына сәйкес қолжетімді тұрғын үй көлемі үш есе артты», - деп жазды А.Көлгінов Instagram-дағы парақшасында.


Соңғы жаңалықтар