Астанада жұмысшы 10 қабаттан құлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада құрылыс жүргізіліп жатқан алаңда қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Астанада жұмысшы 10 қабаттан құлап кетті

«Азия плюс» тұрғын үй кешенінде құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде Ж.Нәжімеденов-Обаған көшелерінің қиылысында 10 қабаттағы биіктіктен 37 жастағы жұмысшы құлады.

Зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды. Ол «Құлан Қыпшақ» ЖШС-де жұмыс істейді.