Астанада жұмысшы 5 метр биіктіктен төбе жабынымен бірге құлады
АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Сенбі күні Астана қаласындағы Есіл ауданында салынып жатқан «Ниссан орталық» нысанында автокранға ілініп тұрғын төбе жабынының арматурасын кесу кезінде сым үзіліп кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ.
Оқиға салдарынан төбе жабынымен бірге 5 метр биіктіктен құлаған «Бекжол НС» ЖШС-ың 39 жастағы жұмысшысы оқиға орнында мерт болды.
Сол күні Жамбыл облысының Жуалы ауданында «Жолқұрылыс-К» АҚ бетон зауытында 37 және 26 жастағы екі жұмысшы бетон араластырғышты тазалап жатқан кезде оператор бетон араластырғышты іске қосқан. Оқиға салдарынан екі жұмысшы да сол жерде қазаға ұшырады.