Астанада жұмысшы экскаватор ожауының астына түсіп, мерт болды - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат - Астанада жұмысшы экскаватордың ожауының астына түсіп, мерт болды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
25 шілде күні Астанада «Мир круп» ЖШС-нің аумағында экскаватордың жөндеу жұмыстарын атқару кезінде «Болатбаев» ЖК-нің 52 жастағы экскаваторшысы трактор ожауының астында қалып, ажал құшты.