Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанада жұмысшы көз жұмды, тағы бірі ауруханаға түсті

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Астанада жұмысшы қаза болды, тағы біреуі ауруханаға түсті.

Астанада жұмысшы көз жұмды, тағы бірі ауруханаға түсті

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

18 сәуір күні Астанадағы кірпіш зауытының аумағында құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қоспаны әзірлеуші 34 жастағы жұмысшы жарақаттанып, оқиға орнында көз жұмды.

Осы күні елордада «Қолжетімді баспана-2020» тұрғын үй кешенінің құрылысы барысында бір қабат биіктіктен «Меркурий және К» ЖШС-нің тас қалаушысы құлады. 1979 жылғы жұмысшы ауруханаға жеткізілді.