Астанада жұмысшы құрылыс нысанынан құлап кетті
ТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астанада жаңадан бой көтеріп жатқан құрылыс нысандарының бірінен краншы құлап кетті.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, бейсенбі, 8 қыркүйек күні Қошқарбаев көшесінде салынып жатқан Қазақ зоотехникалық орталығында құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында 3 метрлік биіктіктен «КГС Астана» ЖШС-ның 24 жастағы краншысы құлап кетіп, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.