08:58, 16 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Астанада жұмысшы лифті шахтысына құлап кетіп, мерт болды - ТЖМ
АСТАНА. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат - Астанада жұмысшы лифті шахтысына құлап кетіп, мерт болды. Бұл туралы Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.

Оқиға кеше, қыркүйектің 15-і күні 16 сағат 10 минутта Республика даңғылы, 18 «б» мекен-жайында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің лифтісіне жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында орын алды. «Ақмола-Лифт» ЖШС-ның 38 жастағы механигі сол орында көз жұмды.
Төтенше жағдайға ТЖМ-ның Орталық өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының 5 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.