Астанада жұмыссыздарға арналған ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда әкімдігінің қаулысымен Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы биыл жұмыссыздарға арналған ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырады. Осы мақсатта өтінімдер берген түрлі кәсіпорындар мен ұйымдарда 1375 жұмыс орнын ашу көзделген, еңбекақы жергілікті бюджет есебінен төленеді.

Астанада жұмыссыздарға арналған ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылады

Жұмыссыз жүргендерге ұсынылатын еңбек алдын ала кәсіптік даярлықты қажет етпейді Олар қоғамдық кампаниялар ұйымдастыруға, қала халқымен ақпараттық жұмыстар жүргізуге тартылады, деп жазылған елорда әкімігінің ресми сайтында.