Астанада жұмыссыздарға арналған тегін курстар өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұмыспен қамту орталығының хабарлауынша, Астананы дамыту бағдарламасын іске асыру аясында қалада тұрақты тіркеуі бар жұмыссыз жүрген азаматтарды тегін курстарға алдын ала жазу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Елорданың жұмыссыз жүрген, кәсібі жоқ, бірақ мамандық меңгеруге ниетті тұрғындары маникюр мастері, шаштараз, электрогаздәнекерлеуші мамандықтары бойынша кәсіптік дайындықтан өте алады.

Қайта даярлау курстары сұранысы жоқ мамандықтар бойынша жұмыссыз жүрген азаматтарға арналған. Осы санатқа жататын азаматтардың білімі туралы дипломы болуы керек, ниет білдіргендер әкімгер, гид-экскурсовод, іс жүргізуші, кондитер, аспаз, электрогаздәнекерлеуші және т.б. мамандықтарды меңгере алады.

Кәсіби шеберліктерін жетілдіргісі келетіндер үшін бухгалтерия және салық бойынша біліктілікті арттыру курстары ашылады, аталған мамандықтар бойынша оқу үшін бухгалтерлік, экономикалық немесе қаржылық білім болуы керек. Техникалық білімі бар қала тұрғындары қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі инженерлерге арналған курстарға жазыла алады.

Барлық сұрақтар бойынша «Бейбітшілік көшесі, 25» мекенжайында орналасқан «Өркен» іскерлік орталығындағы Жұмыспен қамту орталығына хабарласуға болады.

Соңғы жаңалықтар