Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанада жүргізілген «Заңсыз келуші-2014» шарасы барысында 15 шетелдік елден шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 22-26 қыркүйек аралығында елорда аумағында «Заңсыз келуші-2014» республикалық жедел алдын алу шарасы жүргізілуде.

Астанада жүргізілген «Заңсыз келуші-2014» шарасы барысында 15 шетелдік елден шығарылды

«Заңсыз келуші-2014» жедел-алдын алу шарасының алғашқы күнінің нәтижесі бойынша әкімшілік жауапкершілікке ҚР ӘҚК 394-бабы бойынша Қазақстанда болу ережелерін бұзғаны үшін 192 шетелдік азамат тартылды. ҚР-дың 34 азаматы көші-қон заңнамасын бұзғандарды қабылдаған тарап ретінде жауапкершілікке тартылды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланудың 15 фактісі анықталды. Астана қаласының ІІД қабылдау-бөлу мекемесіне жеке басын анықтау үшін 32 адам қамалды, елден 15 шетелдік шығарылды», - делінген хабарламада. 104 шетелдіктің Қазақстан Республикасына уақытша келу мерзімі қысқартылды. ҚР ҚК 330-бабының 1-тармағы бойынша ҚР мемлекеттік шекарасынан құжаттарсыз және тиісті рұқсатсыз өткені үшін екі қылмыстық іс қозғалды.