Астанада жүргізуші-қызға шабуыл жасап, көлігін айдап әкеткен жігіт ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық полицейлер жүргізуші-қызға шабуыл жасаған тонаушыны қолға түсірді.
None
None

Астана қ. ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде 24 жастағы елорда тұрғынын анықтап, ұстады.

19 қарашада шамамен сағат 18.00-де күдікті «Алаш» тас жолында «Лада Гранта» маркілі көлікті тоқтатады. Оны 25 жастағы қыз басқарып келе жатқан. Оның қасында құрбысы отырған. Ер адам қыздардан Қоянды кентіне дейін жеткізіп салуды сұраған. Жолда қысқа жолды білемін деп қыздарды алдап, жер жолға түсірген. Кейін ер адам жүргізуші қыз бен оның құрбысынан ұялы телефондары мен зергерлік бұйымдарын тартып алып, көлікке отырып, қалаға қарай тартып отырған.

Аталған факт сот алдындағы тергеудің бірыңғай реестріне ҚР ҚК 191 және 200-баптары бойынша тіркелді. Ұсталған азамат осыған ұқсас бірнеше қылмыс жасағаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар