Астанада жүргізуші жол реттеуші-полиция қызметкерін қағып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында Lexus автокөлігі жол қозғалысын реттеушіні қағып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Астана қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгін, таңертең сағат 8-9 шамасында Мәңгілік ел және Бұқар жырау даңғылдарының қиылысында болған жол көлігі апатына байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. «Lexus» маркалы автомобильдің жүргізушісі көктайғақ салдарынан көлікті басқара алмай, аталған жол бөлігінде көлік қозғалысын реттеп тұрған полиция инспекторын қағып кеткен», - деп мәлім етті Астана қаласы ІІД-інің баспасөз қызметі.
Зардап шеккен полиция қызметкері жеңіл жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.