Астанада жүргізушілер автобусты мас күйінде басқарған

АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Астанада жол полициясы қызметкерлері «Автобус» шұғыл-алдын алу іс-шарасының екі күнінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 70-тен астам фактісін анықтады.
None
None

Бұл туралы қалалық ІІД ЖПБ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұзушылықтар техникалық ақаулыққа, ауаға құрамында зиянды заттары бар газ бен түтін мөлшерін шамадан тыс шығаруға, қауіпсіздік белдігін тақпауға, жол бойын ластауға қатысты болды. Сондай-ақ автобусты мас күйінде айдағаны үшін екі жүргізуші ұсталды.

Еске салайық, «Автобус» шұғыл-алдын алу іс-шарасы Астанада 28-31 мамыр аралығында жол бойындағы апатты жағдайлардың алдын алу мен автобус жүргізушілерінің көлікті жүргізу ережесін мүлтіксіз сақтауына бақылау жасау мақсатында өткізілуде.

astana.kz сайтының жазуынша, жыл басынан бері елордада автобустардың қатысуымен 17 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Олардың арасында 12 ЖКО автобус жүргізушілерінің кінәсінен болып, нәтижесінде 26 адам түрлі деңгейдегі ауыр жарақаттар алды.

Соңғы жаңалықтар