Астанада журналистер мен студенттерге арналған тренинг өтуде
АСТАНА. Желтоқсанның 14-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Елорданың Қазақстан-Ресей университетінде журналистика факультетінің студенттері мен журналистерге арналған тренинг өтуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Семинардың жаттықтырушысы әлеуметтік ғылымдар кандидаты, Алматы қаласы Әлеуметтік зерттеу институтының директоры Гүлнар Исмұханованың айтуынша, жастар - қуатты саяси күш. «Сондықтан, бұл санаттағы адамдарды ескерусіз қалдыруға болмайды», деді ол.