Астанада журналистер үшін мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформалар жөнінде семинар-тренинг өтіп жатыр

АСТАНА. 29 наурыз. ҚазАқпарат - Астанада «Мемлекеттік органдардың есептілігі және Қазақстандағы мемлекеттік басқару реформаларын бұқаралық ақпарат құралдарында тарату» деген тақырыпта семинар-тренинг өтіп жатыр.

Астанада журналистер үшін мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформалар жөнінде семинар-тренинг өтіп жатыр

Оны БҰҰ-ның Даму бағдарламасы мен Норвегия корольдігінің Қазақстандағы Елшілігі бірлесіп ұйымдастырды. Семинар-тренинг кеше орыс тілді мерзімді баспсасөз өкілдері арасында өткен болатын. Бүгін ол қазақ тілді журналистер арасында жалғасуда. Онда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік қызметкерлерді қайта дайындау және біліктілігін көтеру институтының директоры Серік Қапаров мемлекеттік басқару жүйесі және мемлекеттік қызметті реформалаудың халықаралық тәжірибесіне шолу жасауда. Ал БАҚ саласындағы тәжірибелі жаттықтырушылар Маржан Елшібаев мен Есенгүл Кәпқызы журналист этикасы мен ақпаратқа қол жеткізу мәселелерін талдауда.