Астанада Жүрсін Ерман студенттермен кездеседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте лауреаты, айтыс жанашыры Жүрсін Ерманмен студенттердің кездесуі өтеді. Бұл туралы аталған университеттің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Кездесуге Ж.Ерманмен бірге бірқатар танымал айтыс ақындары қатысады деп жоспарланған. Кездесу сұрақ-жауап түрінде өрбиді» делінген хабарламада.