Астанада жүйелі түрде пара алып келді деген күдікпен кеденші ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана - жаңа қала» еркін экономикалық аймағы» кеден бекетінің жетекші маманы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі сілтеме жасап.

Астанада жүйелі түрде пара алып келді деген күдікпен кеденші ұсталды

Күдікті 7 қыркүйек күні ұсталған. «Ол сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларынан әкімшілік жауапқа тартпау және жалпы қамқорлық жасау үшін жүйелі түрде ақшалай сыйақы алып келген», - делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы, 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық іс қозғалды.