Астанада жуырда «Бәрі де ән шырқайды!» караоке чемпионаты басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы әкімінің кубогы сарапқа салынатын караоке бойынша «Бәрі де ән шырқайды!» чемпионатының бірінші кезеңі 10 маусым күні сағат 17.00-де «Жастар» сарайында өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
None
None

Байқау ешқандай шектеу қойылмайтын, ниет білдіргендердің барлығы да қатыса алатын Қазақстандағы жалғыз жоба. Бір ғана талап - вокалдық қабілетке ие болу. 

Чемпионат алғаш рет Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен екі жыл бұрын ұйымдастырылып, оған 200 адам қатысқан болатын.

2015 жылғы чемпионат қорытындысы бойынша Нұрлан Төкенов, Денис Ни және Милана Серіковалар жеңімпаз атанды. Жас талантты орындаушыға Астана қаласы әкімінің Кубогы табысталды.

Шара «халықтық» деген атауға ие болды, өйткені чемпионатқа қатысушылар барлығына таныс компазияцияларды орындайды.

2

Вокалдан сабақ беретін тәжірибелі оқытушылар биылғы жылы топ тәлімгерлері болады:

Бақытжан Масалимов - «Окно в Европу-2008» және «Жемчужный хоровод-2007» халықаралық байқауларының лауреаты;

Айман Әлімханова-Төребаева - халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты, «Capital jazz band» студиясының жетекші жеке орындаушысы, Voice-Art вокалдық студиясының жетекшісі және педагогы.

Қазылар алқасының мүшелері әр топтан «Караоке-2017 чемпионы» атағына лайық жеңімпазды анықтайды. Көп балл жинаған Чемпион Астана қаласы әкімі кубогының иегері атанады.

24 маусым күні екінші іріктеу кезеңі өтеді. Ал караоке бойынша 2017 жылғы «Бәрі де ән салады!» чемпионатының жеңімпаздарын  біз Астана күні қарсаңында - 5 және 6 маусым күндері білетін боламыз.

Соңғы жаңалықтар